Алматы облысында 3-ші күн жоғалған мектеп оқушыларын іздеуде


Олар Талдықорған орта мектебінде 8 және 9 сыныпта оқиды. Екеуін соңғы рет бірі тісін емдетуге балалар емханасына барған жерінен көрген.  

 Қазіргі таңда жоғалған екі оқушыны ата-аналары, достары және полиция қызметкерлері іздестіру үстінде. Олар бүкіл қала көшелеріне қыздардың суреттерін ілді. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына интернет қолданушылары да қолұшын созып отыр.

 «Қазіргі сәтте тәжірибелі қылмыстық іздеу қызметкерлерінен арнайы топ жасақталды. Полицейлер іздеу жұмыстарын жалғастыруда», дейді Талдықорған қаласының ІІБ басшысы Ерлан Сансызбай.