Алматы облысында 611 лагерь жұмысын тоқтатты

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдымановтың айтуынша, мектеп жанындағы 611 лагерь жұмысы 18 маусымға дейін тоқтатылды. Бірақ өңірде 4 балалар лагері жұмысын жалғастырып жатыр. Себебі бұл демалыс орындарына демалу ақысы төленіп, балалар өзге өңірлерден келіп қоныстанып қойған. Қазіргі таңда бұл жерлерде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, бақылау күшейтілген.

Сондай-ақ облыс аумағында Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде де алдын алу шаралары пысықталып, сынақтардың кедергісіз өтуіне қолайлы жағдай жасалатын болады. Дәрігерлер, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары, жергілікті әкімдік өкілдері кезекшілік ұйымдастырып, қадағалау жүргізеді. Сондай-ақ ведомство басшысы ҰБТ кезінде ата-аналар мен түлектерге медициналық маска тағып алуға кеңес берді.

Айта кетейік, жыл басынан Алматы облысында менингиттен 4 адам көз жұмды.


 

Ұқсас тақырып:

Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді
Қазақстандықтарға бетперде тағып жүру кеңес етілді
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі