Бір тәулікте бірден 88 бала аталған індетті жұқтырғаны анықталды. Бәрінің ауру белгілері бірдей - ыстығы көтерілген, бастары ауырған, көбісінің жүрегі айнып, құсқысы келіп, іші өткен.
«Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне 88 баланың 9-ы жатқызылды. Олардың 38-і үйде тәрбиеленіп отырған балалар, 49-ы мектеп оқушылары», - деп жағдайды нақтылады Алматы облысы бойынша мемсаннэпидқадағалау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.
Дәрігерлердің бағалауынша, науқастардың қазіргі жағдайы тұрақты.