Кеше, 24-тамызда Алматы-Бішкек тас жолының 19-шақырымында белгісіз бес адам "Лабиринт" ойын автоматтары салонының екі күзетшісін соққыға жыққан. Бұдан кейін олардың бірін шабуылшылар күшпен автокөлікке отырғызып алып кеткен.
Адам тонаушылардың ізіне тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан кейін ғана түсті. Қарасай аудандық ІІБ-ның қызметкерлері соққыға жығылған күзетшіні қала іргесіндегі Каменка ауылындағы бір пәтерден тапты. Екі шабуылшы осы жерде қолға түсті. Тағы бір кісі тонаушыны тәртіп сақшылары бүгін түнде құрықтады. Қалған екеуіне іздеу жарияланды. Бес қарақшы да Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.
Қазір олар Қарасай аудандық ІІБ-да қамауда отыр. Адамды ұрлау себептері мен бұдан кейінгі қарақшылар қадамы қазір анықталу үстінде. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім үш күнде қабылданады.