Алматы облысында адамдардың жаппай улануы тіркелді


Аудандық және облыстық ауруханаларға тамақтан уланған 62 адам жеткізілді.

Улануға бата кезінде берілген ет себеп болған. Науқастардың жағдайы тұрақты. Оқиға орнында мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.