Алматы облысында әйел адам өзінің танысын етіктің өкшесімен ұрып өлтірді

42 жастағы үй иесінің денесі Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентіндегі жекеменшік үйлердің бірінен табылды.Мәйіттен көптеген ұрып-соғулардың іздері, ал тамағынан аяқ киімнің белгісі табылды.

Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай зардап шеккен әйелдің көршісін ұстады. Екеуі қосыла ішімдік ішкен, оның соңы жанжалға ұласқан. Қонақ үй иесін алдымен соққыға жыққан, кейіннен есінен танып қалған әйелдің тамағынан етіктің өкшесімен нығарлай басқан. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша іс қозғалды. Ұсталған әйел Кербұлақ АІІБ қамалды.