Алматы облысында әйел бұрынғы күйеуін аяусыз соққыға жықты

«Ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс базарда басталған. Ызалы әйел ер адамның басынан кірпішпен ұрған. Берген жауабында ұсталған әйел екеуінің жанжалдасуына үш кәмелеттік жасқа толмаған баланы асырау үшін төленбеген алимент себеп болғанын айтқан», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Облыстық полиция хабарлағандай, тергеу барысында әйелден сотқа міндетті түрде келу туралы қохат алынды.