Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, оқиға 12 мамырда болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Сотталған әйел жедел іздестіру іс-шаралары барысында мекеменің маңында ұсталды.
Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Алматы облысы Іле ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Болған фактінің мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізеді, - деп хабарлады департамент.
Тексеріс нәтижесі бойынша лауазымды адамдар қолданыстағы заңнама шеңберінде тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Айта кетейік, Қазақстанда сотталған 1 747 әйел жазасын түрмеде өтеп жатыр. Ел бойынша сотталған әйелдер жазасын өтейтін 6 мекеме бар.