Алматы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен 4 әйел ұсталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің  мәліметінше, 4 әйелден зардап шеккен Биғаш ауылының екі тұрғыны құзырлы органға шағымданған. Жәбірленушілердің сөзінше,  азиялық келбеттегі 4  әйел құмалақ ашып,  дуалау әсерінен арылтамын  деп уәде берген. Және олар сол қызметтері үшін әшекей бұйымдар сұраған. Алайда, дуалаудан арылтатын келіншектер жәбірленушілердің ақшасын, ұялы телефондарын және алтын әшекейлерін әкеткен. Ал зардап шеккендер, өздерінің құнды заттарын қалайша алаяқтардың қолына тапсырғандарын өздері білмейді. Дуалау әсері болды  деген сенімде.  Зардап шеккендердің  жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асады.  Аталған шағымнан кейін  4 әйел қолға түсті. Олар Өзбекстан елінің азаматтары екен. Алматы маңында пәтер жалдап тұрып келген.  Ұсталғандардың бұған дейінгі төрт қылмысқа қатысы бар екені анықталды. 24-47 жастағы азаматшалардың үстінен  «Ұрлық» және «Алаяқтық» фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ескелді ауданының полицейлері қазір ұсталған күдіктілердің өзге де қылмысқа қатысы бар жоғын анықтап жатыр

 Және суреттегі әйелдерден зардап шеккендер болса 102 номеріне немесе 8 72836 - 30882 нөміріне хабарласуын сұрайды.