"Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Алматы облысында Алакөл ауданында 16 мамыр күні күндізгі сағат 12.00-де алдын ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған Қазақстанға ағымдағы жылдың 26 сәуірінде келген Қытай Халық Республикасының тұрғыны тіркелді", - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрлікте атап көрсеткендей, қазіргі уақытта науқас Алакөл ауданының инфекциялық бөлімінің арнайы боксына жатқызылған. Оны жеке медициналық қызметкерлер күтетін болады. Індетке қарсы шаралар мен зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Науқастың қатынасқан адамдары анықталу үстінде. Сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталмыш оқиға жайында облыс басшылығы хабарландырылды. Бірлескен індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу шаралары жасалуда.