Алматы облысында «Алтын адам» дауыс берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Алтын адам» болып киініп келген – Т.Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйіндегі Жастар драма театрының актері әрі режиссері Жарқын Барақбаев. Ол бұл қадамын тек көңіл көтеру үшін емес, ел тарихы мен мәдениетін дәріптеу және азаматтық ұстанымын ерекше көрсету үшін жасағанын айтты.

«Ел Тәуелсіздігінің символы болған Алтын адамның мекені –Еңбекшіқазақ ауданы. Бұл біздің өңіріміз ғана емес, бүкіл еліміз үшін үлкен мақтаныш. Аудан тарихының сонау тереңде жатқанын, әрі мұнда ерте заманнан қолөнердің биік деңгейде дамығанын бар әлемге айғақтаған айрықша жәдігер. Сондықтан осындай маңызды күні сайлау учаскесіне Алтын адамның бейнесінде келіп, өз дауысымды бердім. Бұл – менің азаматтық ұстанымымды білдірудің ерекше тәсілі», – деді Жарқын Мамырбекұлы.

Оның бұл қадамы әрбір азаматты сайлауға белсенді қатысуға ынталандырғаны анық.
Құралай Мұратқызы