Алматы облысында апат салдарынан 6 адам қайтыс болды

Атап айтқанда, Алматы - Өскемен тас жолының 312 шақырымында (Алматы облысының Ескелді ауданы) 15 тамызда 17 сағат 40 минутта "Тойота" көлігі ВАЗ-2108 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан "Тойотаның" 28 жастағы және ВАЗ-дың 42 жастағы жүргізушілері мен екі көліктің 43 және 25-30 жастардағы екі жолаушысы қайтыс болып, тағы "Тойотаның" 3 жолаушысы мен "ВАЗ" көлігінің 4 жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі сондай-ақ, 15 тамыз күні таңғы сағат 5-те Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында БМВ көлігі ағашқа келіп соқтығысқан. Соның салдарынан көліктің екі жолаушысы қаза тауып, тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.