Алматы облысында апат салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам жараланды

Жол апаты Ескелді ауданында, Зерносовхоз-Қоңыр автожолының 2-шақырымында болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, "ПАЗ-672" автобусының жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, аударып алған. Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. 12 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Өазіргі жағдаймен 57 жастағы бір әйелдің ғана аты-жөні анықталды.