Әбікен Сарыбаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған бірқатар іс-шаралардың тағы бірі - 30 ақын қатысқан жыр мүшәйрасы. Өңірдің жас ақындары жыл басынан бері өз өлеңдерін жергілікті басылым беттерінде жариялап, жыр дүлділінің тойынан тәбәрік аламыз деп үміттеніп отыр. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар мерейтой иесі құрметіне ақыннық жырлары мен ескеліктері, айтыстары жинақталған кітаптың тұсаукесері болады. Ертең ақынның рухына бағышталып Құран оқылып, ас беріледі.
Әбікен Сарыбаев 1926 жылы 15 мамырда Гвардия ауданына қарасты Қайрақты жайлауында туған. Балалық шағы Аралтөбе, Бірлікте өтеді. Артельдің 4 сыныптық мектебінен сауат ашқан бала Әбікен қарттарға қисса-дастандар оқып жүріп, сол жырларды жаттап та алады. Осы өнер кейіннен айтыскерлікке ұштасқан.
Әбікен ақын семейлік Қалихан Алтынбаев, көкшелік Көкен Шәкеев, алматылық Әлімқұл Жамбылов секілді азулы ақындармен айтысып, Талдықорған облысының мерейін үстем еткен.
Домбыра шықса үнің күмбірлеген,
Дауысым бірге кетсе «Бұл кім?» деген,
Баласы Күреңбелдің Әбікен ғой,
Жүз топта қаршығаға ілдірмеген...- деп жырлаған ақын соңғы рет айтысқа 1987 жылы шығыпты. Бір жылдан кейін 1988 жылдың қарашасында қайтыс болды.
Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.
BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.