Алматы облысында арықтан 7 жасар баланың мәйіті табылды

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға 28 ақпанда болған. Сол күні бала мектептен қайтып келіп, үйінің ауласында ойнап жүрген. Ата-анасы үйде болмаған, әкесі Алматыда жалдамалы жұмыста істейді, ал шешесі Текелі қаласында болған. Жеті жасар баланың денесі үйінің маңынан өтетін арықтан табылған. 

"Баланың мәйіті сараптамаға әкетілді. Жерлеуге дайындалып жатырмыз", - деді баланың ағасы.