Алматы облысында арзан бағамен екі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

Тиісті келісімшарт облыстық әкімдік пен банк арасында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында жасалды.

«Тұрғын үйлер Алматы облысы Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс ауданында орналасады. Шаршы метрі 90 000 теңгемен барлығы 80 пәтер сатылатын болады», - делінген хабарламада.

Тұрғын үй 2014 жылы 30 қарашада пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Банктің хабарлауынша, үміткерлерден құжат қабылдау 2014 жылдың 2 маусымынан тамыз айына дейін созылады.