Алматы облысында аса ірі көлемдегі контрабандалық жүк тәркіленді

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай,  бұлар «Тараз-Алматы» бағдарындағы қалааралық  автобусты Ұзынағаш ауылы маңындағы  «Ақтерек» полиция қосынында  тексеру үшін тоқтатқан кезде  табылды.

640 дана  киік мүйізі және 167 құндыз терілерді Шрэк  атты қызметтік  ит тапты.

Тергеу барысында полицейлер  автобус жүргізушісіне   заңсыз жүкті белгісіз біреулердің тапсырғандығын, оны Алматыда күтіп алатындығын анықтады.

Облыстық полиция қызметкерлері шұғыл іс-шаралардың барысында  қылмыстық  іздеу қызметкерлері қалааралық жолаушылар көлігін  контрабандалық жүкті тасымалдауға  пайдаланбақ болған 45 жастағы күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта  ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.