Қайғылы оқиғадан кейін Алматы іргесіндегі №55065 бөлімін жақында Қорғаныс министрлігі мұқият тексерген болатын. Комиссия барлық қаржылық құжаттарды тәркілеп, әсіресе, Әуе қорғаныс күштерінің ірі қоймасына жетекшілік еткен командирлердің қызметіне шүйлігіп жатыр.Тергеу кезінде офицерлердің ондаған миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны анықталған. Алаяқтықтың бірі – әскери бөлім жанынан тұрғызылуы тиіс бетон қоршауға қатысты. Тергеу материалына қарағанда лауазымды шенділер оны арзан цементпен соға салып, артылған ақшаны бөліп алған. Бұл былық Астанаға белгілі болғаннан кейін, сақтау қоймасын басқарған полковник Абай Мырзабеков запасқа жіберу жөнінде дереу рапорт жазады. Бірақ кейін жұмыс кабинетінде атылып өлді.
Loading...