Алматы облысында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде

деп хабарлайды «Қпзгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған Алматы қалалық ТЖД.

Бүгін түнде 5-10, кейбір жерлерде 15-20 градус суық болады, облыстың солтүстігінде 23-28 градус аяз болуы ықтимал, 13-16 желтоқсан күндері 10-15 градусқа дейін суытады, кейбір жерлерде сынап бағанасы 22-27 градусты көрсетеді, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін аяз болады.

Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындары мен туристерді түрлі оқиғалардан сақ болу үшін қауіпсіздіктің барлық қажетті шараларын қолдануды сұрайды.