Сондай-ақ, Қарағанды облысында 23-28 градусқа, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 25-30 градусқа дейін суытады деп күтілуде.
Ауа райын бақылаушылардың болжамы бойынша, бүгін, 19-қарашада Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Қостанай және Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін күшейеді. Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерге тұман түсіп, асуларда оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.