Алматы облысында ауылшаруашылық жерлерінде авто жарыс өткізіледі

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, алма бақтары мен саяжай серіктестіктері орналасқан тау бөктеріндегі ауданда ауыл алқабында бет алды жол салынып, джиптерге арналған автодром салынған.

Ауыл мен жапсарлас ораналасқан саяжайлардың тұрғындарының айтуынша, "алқап маңындағы жол жағдайына Қарасай ауданының әкімдігі мүлдем қарамайды. Осыған байланысты жауапты тұлғалар тарапынан еш жауапкершілік болмауынан егіс алқабында қазіргі уақытта жолсыздармен және қауіп-қатерлі жүруді ұнататын көлік иелері еш қадағалаусыз жүріп жатыр. Алқап қоқыс пен құрылыс материалдарын тастайтын орын болып еді, енді автодромға айналды. Қарап тұрсаңыз, бұл ауылға жалға берілген мемлекеттің жері ғой".

Агенттік өткен аптада ауыл директорының орынбасары Әлібек Шпекбаевқа кезекті ауыл шаруашылық жұмыстарын осы жылы жүргізу жоспарланып отыр ма деген сауал жолдаған еді.

"Ауыл шаруашылық жұмыстары жоспарланып отыр. Аталмыш алқапқа байланысты ешқандай өзгерістер қабылданған жоқ. Көліктерге қатысты алатын болсақ, оны жедел арада ретке келтіреміз", - деп сендірген Алатау совхозының директорының орынбасары.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өткен аптада ешқандай өзгеріс болмаған, құнарлы жерді таптау одан әрі жалғасқан. Бұл мәселе бойынша Алатау совхозының директорымен байланысқа шығу әрекетіміз әзірге еш нәтиже берген жоқ.

Агенттік тілшісіне ҚР Ауыл шаруашылық министрлігімен байланысудың сәті түскен. Олар Алатау шаруашылығына ұзақ мерзімге жалға берілген мемлекеттің жері екенін дәлелдеді.

Бұрын хабарлағанымыздай, Алматы бөктерінде, оның ішінде Алатау совхозының аумағында кейінгі жылдары алма бақтары мен ауыл шаруашылығының өнімдері егілетін жерлердің әдейі жойылуы байқалып отыр. Ол жерлер қала сыртындағы үйлер салу үшін жеке тұлғаларға сатылуда. Сатылып жатқан жерлердің қатарында Алматы қаласының қажеттілігіне пайдаланатын ауыз су резервуарлары аумақтары бар.