Алматы облысында ауырған жеті бала энтеровирус-71 жұқтырды деген күдік расталған жоқ

Бүгін таратылған баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, "Алматы облысы Алакөл ауданындағы 6 жасқа дейінгі балалар арасындағы энтеровирусты инфекцияны Коксаки А16 вирусы қоздырған. Зерттеулердің нәтижелері Қытайда энтеровирусты инфекцияның белең алуына себеп болған энтеровирус-71 қоздырғышының этиологиялық ролін растамады".