Алматы облысында автобус құлау салдарынан 6 адам қаза тауып, 11-і жараланды

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, жол апаты түнгі 12 сағат 20 минутта болған. Автобус Самарадан Алматыға бет алған екен. 65 жастағы автобус жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 346-шы шақырымында автобусты аударып алды. Зардап шеккендер Талдықорғандағы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қазір жол апатының себептері анықталу үстінде.