Алматы облысында автокөліктің ағашқа соғылуы салдарынан екі адам қаза тапты

Апат Алматы-Талғар автожолының 8-шақырымында қазанның 7-сінен 8-іне қараған түні болған. "Субару-Легаси" автокөлігінің жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай ағашқа соғылып қалған. Жол апаты салдарынан 25-30 жас аралығындағы екі жолаушы оқиға орнында мерт болып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.