Алматы облысында балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап кеткен бала көз жұмды

Оның айтуынша, нәресте кәріз құдығына құлап кетіп, ауруханаға түскен. Септик Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында орналасқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл дерек полицияда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамау) бойынша тіркелді", - деп жазды Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол сондай-ақ тергеуді өз бақылауына алғанын айтты.