Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова хабарлады.
Оның айтуынша, биылғы жылы облыста қала сыртында 34 лагерь жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, тамақтанумен 402 лагерь, тамақтанусыз 383 лагерь, сондай-ақ заттық, спорттық, шатырлық, мектеп маңындағы лагерь және т.б. жұмыс істейді.
Майгүл Омарова атап өткендей, балалардың жазғы демалысын өткізудің оң үрдістерінің бірі - демалыс жас ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылған. Жұмыс жазғы уақытта мектеп оқушыларын сауықтыру, бос уақытын қызықты өткізу бағытында жүргізілуде.