Олардың екеуі бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәл қазіргі уақытта құтқарушылардың жұмыстары Қапшағай су қоймасы, Іле ауданының Жетіген ауылындағы Іле өзенінде, сонымен қатар Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылындағы Іле өзенінде жүргізіліп жатыр. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қараша күні Қапшағай су қоймасында 2 балықшы жоғалып кеткен. Болжам бойынша, із-түзсіз кеткендер қайықпен балық аулауға шыққан. Қазір екі адамды 3 құтқарушы іздестіріп жатыр. Ал тағы екі адамның жоғалғанына бір айдай уақыт болған. Оның бірі Іле ауданында, екіншісі Балқаш ауданында хабар-ошарсыз кеткен. Мәселен 1969 жылғы Никрасов А. А. есімді азамат 21 қазаннан бері хабар-ошарсыз. Болжам бойынша ол Іле ауданының Жетіген ауылындағы Іле өзенінде балық аулап отырған сәтінде суға батып кетуі мүмкін. Бүгін азаматты іздеуге 4 құтқарушы шықты. Ал Балқаш ауданының Бақбақты ауылындағы Іле өзенінде 27 қазан күні жоғалған 1984 жылғы азаматты іздеуге 11 жұмысшы жұмылдырылған. Жоғалған Ли Б. А. есімді азамат болжам бойынша балық аулап отырғанда сәтінде суға батып кеткен болуы мүмкін.