Алматы облысында Балықшылар күні аталып өтілді

Өткен демалыс күндері алакөлдік балықшыларды мерекелерімен құттықтау үшін көптеген ресми тұлғалар келді. Олардың арасында депутаттар, танымал қазақстандық қайраткерлер, белгілі эстрада әртістері Роза Рымбаева мен Естай Әлікеев бар.

«Балық аулау саласы - Алакөл ауданы үшін бұрыннан келе жатқан және біздің экономикамыздың негізгі саласы деп айтуға болады. Тек Қамысқала ауылдық округінің өзінде 500 адам осы салада еңбек етеді. Балықшылық - оңай кәсіп емес. Ол күнделікті тәуекелмен байланысты. Мерекелеріңізбен және өмірлеріңізге абай болыңыздар!», - деді Қамысқала ауылдық округінің әкімі Асқар Бүтіншінов.

Сол күні мерекені ұйымдастырушы және демеуші болып табылатын «Евгей ЛТД» фирмасының бас директоры Бақыт Кәрімов алдыңғы қатардағы он балықшыға тоңазтқыш, осы саладағы он екі ардагерге теледидар сыйлады. Балықшылардың әйелдері мен балалары да сыйлықсыз қалмады. Олар үшін үлкен дастархан жайылды.

Іс-шара дәстүрлі спорттық сайыстармен аяқталды.