Алматы облысында банк филиалына жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қазанда 20 сағат 15 минутта қала әкімі аппаратының кезекшісіне "ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның көп пәтерлі тұрғын үйде орын тепкен ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түскен.

"Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ", - деп хабарлайды министрліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті