Алматы облысында банкоматтағы миллиондаған ақша өртенген

Белгісіз біреулер банкоматты бұза алмай, ондағы қаражатты өртеп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекованың айтуынша, оқиға 18 ақпанда болған. 

"Шын мәнінде оқиға Сарыөзек ауылында болды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - деді Айман Мырзекова.

Расталмаған мәліметтер бойынша, 18 миллион теңге өртенген.