Caravan Logo

Алматы облысында барымташылықпен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Алматы облысында барымташылықпен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Түп ауданының 70 жастағы тұрғыны Райымбек ауданының Екіаша жайлауынан 270 мың теңгеге бағаланған 9 ірі қара малды ұрлады деген күдікпен ұсталды. Қазір тұтқынның қолынан ұрлыққа айғақ-заттар алынған. Қырғызстан азаматы Райымбек аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу қапасына қамалды.

Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсетуінше, бұл - көршілес республиканың азаматтары Қазақстан аумағында барымташылықпен айнылысуға қатысты алғашқы оқиға емес. Барымташылар ұрланған ірі қара малдарды кедендік бекеттерді айналып өтіп, таулар арқылы отанына жеткізуді кәсіпке айналдырып алған.