Алматы облысында белгісіз есірткіден улану салдарынан 5 адам қайтыс болды

Текелі қалалық орталық ауруханасына "улану" деген диагнозбен 8 адам түскен, олардың үшеуі екі сағаттың ішінде қайтыс болды. Алдын ала тергеу барысында белгілі болғанындай, зардап шеккендердің барлығы да нашақорлар көрінеді. Олар белгісіз есірткіден уланып қалған. Қалған науқастардың жағдайы дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Сондай-ақ, Ескелді аудандық орталық ауруханаға да бұл күні осындай диагнозбен тағы екі адам түсіп, екеуі де қайтыс болған.
Полиция есірткінің таралу көзін анықтау үшін тексеру жұмыстарына кірісті.