Іс-шара 6 желтоқсан күні Б.Римова атындағы облыстық филармонияда, ал келесі күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасады.
Бикен Римова 1923 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы Қаратал ауданы Қызыл Шығыс кентінде туған.
Алматы театр училищесін бітірген (1943). 1943 жылдан бастап - Әуезов атындағы Қазақ драма театрының әртісі, киноға түскен.
Қазақ театры туралы мақалалардың авторы. Қазақ КСР халық әртісі атағын алған (1966). Б. Римованың театрдағы рөлдерінің арасында: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» - Еңлік, М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» - Жер-ана, Ғ.Мұстафиннің «Миллионеріндегі» - Жанат, Мольердің «Сараңындағы» - Элиза, Н.В.Гогольдің «Ревизорындағы» Пошлепкиннің рөлдері бар.
«Құрмет белгісі» орденімен, «Парасат» орденімен марапатталған.