Жаға ұстатар оқиға жайлы Алматы облысы Қаскелең қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Сауранбаев хабарлады.
«Кеше біздің ауруханаға құндақталған сәбиді әлеуметтік қызметкер әкелді. Дәрігерлер баланы қарап шығып, туылғанына 1 ай болған деп болжап отыр. Балақайдың денсаулығы жақсы, бірақ сонда да толықтай медициналық тексеруден өткіземіз», – деді ол.
Дәрігердің сөзінше көкек ана сәбиді Үшқоңыр ауылындағы танымайтын тұрғынға 2 сағатқа қарай тұруын өтініп тастап кеткен. Күні бойына жас ананы күткен азамат баланың артынан ешкім келмеген соң полиция хабар берген. Қазір аталған іс бойынша тәртіп сақшылары баласынан бас тартқан безбүйрек ананы іздестіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, осы апта ішіндегі бұл Алматы облысындағы 2 жағдай. Бірер күн бұрын да талдықорғандық өз баласын көшеге тастап кеткен болатын.