Шараға ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы, есіркі саудасымен күрес басқармасы, Алматы облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының қызметкерлері қатысты.
Қапшағай қаласының тұрғыны Алматы-Қапшағай тас жолының 50-ші шақырымында есірткіні сату барысында қолға түсті. Сатқан апиын үшін ол 8 мың АҚШ долларын тапқан.
Осындай қылмысқа байланысты бұған дейін де істі болған тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды.
Қазір тәртіп сақшылары есірткі затының Алматы облысына келу жолдарын анықтауда.