Алматы облысында бір жүргізуші өзінің кішкентай ұлын машинамен басып кетті

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға Қарасай ауданының Қарғалы ауылында болды. Бала ауруханаға жеткізу барысында жол үстінде қайтыс болған.
Тағы бір осындай жағдай облыстың Ескелді ауданында кездесті. "ГАЗ-52" автокөлігі кері бағыта шегініс жасау барысында қарт ананы басып кету салдарынан кейуана оқиға орнында қаза тапты.