Бірінші апат Іле ауданындағы "71 разъезд" ауылында болды. Бұл жерде "БМВ-318" және "Фольксваген" автокөліктері соқтығысып қалу салдарынан екі жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер арасында 2 жасар бала да бар.
Ал екінші жол апаты Қарасай ауданында, Алматы-Бішкек тас жолының 43-ші шақырымында болды. "БМВ-520" автокөлігінің жүргізушісі жол шетіндегі қоршауды соғып кеткен. Соның салдарынан екі жолаушы оқиға орнында мерт болып, 2 және 3 жастағы екі бала жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.