"2018 жылғы 30 қаңтарда Түрген өзені бассейнінде Түрген ауылы - Батан шатқалы автожолында 4 рет табиғи қар көшкіні болып, қар басқан аумақтың жалпы көлемі 390 текше метрді құрады", деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазселденқұтқару» ММ-ға сілтеме жасап.
29 қаңтар күні Түрген өзені бассейніндегі жерасты дүмпулер осы қар көшкініне себепші болуы мүмкін. Дәл қазір жолдар толықтай тазаланды. Қардың астында қалғандар жоқ.
«Іле-Алатау табиғи паркі Түрген филиалының директорына бақылау-тексеру бекеті арқылы Түрген өзені аңғарына демалу үшін келушілерді шектеу, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне, Түрген ауылдық округіне автожолдарды қардан тазалау шаралары жөнінде хат жіберілді», - дейді Қазселденқұтқару мемлекеттік мекемесіндегілер.