Алматы облысында болған жол-көлік апатында 6 адам қаза тапты, 5-еуі ауруханаға жеткізілді


«Жол-көлік апаты 16 тамызда Шеңгелді кентінің маңында «Алматы-Өскемен» трассасының 112 шақырымында орын алды. «Мерседес бенс» және «Опель Зефира» көліктерінің соқтығысуынан алты адам қаза тапты, бесеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар жүргізіледі.