Алматы облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді


Атап айтқанда боранға байланысты барлық автокөлік түрлері үшін «Үшарал-Достық» жолының 83-165 шақырымындағы Көктума-Достық аралығында жол жабық.
Сонымен қатар жаңбыр аралас қардың түсуіне байланысты жүк көліктері үшін мына жолдарда көлік қозғалысы шектелді:
«Алматы-Ташкент-Термез» жолының 14-43 шақырымындағы Алтын Орда-Сауыншы учаскесінде;
«Алматы-Өскемен» жолының 13-259 шақырымындағы Первомайка-Талдықорған аралығында;
«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 9-110 шақырымы аралығында.
Қазіргі кезде бұл жолдарда «Қазақавтожол» РМК-ның осы өңірдегі филиалының қызметкерлері кезекшілік жасауда.