Алматы облысында даладағы дәретханаға түсіп кетіп кішкентай бала көз жұмған

Жексенбі күні қыз бала көрші үйдің ауласында балалармен ойнап жүріп, дәретханаға барғанда тесікке түсіп кеткен. Бұл туралы облыстық полиция баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Көбейхан Нұрахмет мәлімдеді.

Балалар ересектерді шақырып келгенше қыз көз жұмған.


Полиция мәліметіне сәйкес, бір аптадан кейін қыз үшке толған болар еді.

Баланың өліміне байланысты тексеру жүруде.