Алматы облысында десантшылар биатлоны басталды


Оған N61993, N32363 және N18404 әскери бөлімшелерінің үздік десанттық-штурмандық взводтары іріктелді, делінген сейсенбіде қорғаныс министрлігінен таралған ақпаратта.
Ақпаратқа қарағанда, бес күннің ішінде командалар біршама жаттығулар бойынша нәтижелер көрсетуге тиіс.
"Оның ішінде парашютті жинау, секіру, әскери топография, әр түрлі қарудан оқ ату, тауға өрмелеу, түнгі кезде патрульге шығу бар”, делінген онда.
Министрліктен атап өткендей, жеңімпаздар бағалы сыйлық алумен қатар десант биатлоны бойынша жазда өтетін халықаралық жарысқа қазақстандық армия құрамасында қатысуға жолдама да алады.