– Міне қараңыз, 23,50 тариф, ал мына жерде 28 теңге тариф. Көріп тұрсыздар ма?! 7 мың теңге.
Жалғамыс елді мекенінің тұрғындары электр тоғы үшін төлеген есеп-қисаптарын бір-біріне көрсетіп, жағасын ұстауда. Жекеменшік трансформаторға қосылған мыңға жуық шаңырақ әр киловатт үшін бекітілген тарифтен екі есе артық төлеп келіпті.
Шолпан Жаңабәкірова, Жалғамыс ауылының тұрғыны:
– Жаңа жылдан бастап жаңа тариф енгізіпті. Бізге ештеңе көрсеткен жоқ. 28 теңгеден төлейсіздер деп айтты. 250 теңгеден біз төлейтінбіз. Оны төлейтіндей линияның барлығы жабық, жаңадан жасалған. Қалай жоғалтады жарықты?
Қымбат тоқ тұтынатын жұрт ақшасын уақытында төлесе де, оның жиі сөніп қалатындығын айтуда. Бағасы удай, ал өзі тұрақсыз болған жарық тауқыметін әсіресе мектеп жасындағы оқушылар көріп отыр.
– Төлемеген кезде 3 күнге өшірді. Тұрғын-үй коммуналдық бөліміне деп мына жердегі дүкенге төлейміз. Оны бір келіншек ашып отыр. Соған барып төлеп отырмыз.
Тұрғындарға электр қуатын тарататын трансформаторлардың бірі мынау. Бірақ ол жекенің меншігінде. Осы қондырғыға қарайтын маман жарық бағасының былайша қымбат болуын соңғы өзгерістерге байланысты дейді. Себебі республиканың барлық өңірлеріне қымбатшылық келген.
Жаңылсын Әкішева, серіктестік төрайымы:
– 23,5 тағы 8 процент қосылды. 25,57 болды, оған 250 теңгеден қосыңыздар.
- 250 теңгені алып тастамайды ма?
– Ол алынбайды!
-Ол ішіне қосылады екен.
– Бүгін мен 1 млн 560 мың төлейтін шот алып келдім. Алдыңғы айда мен миллион 900 мыңды әрең өтедім. Елдің артынан жүгіріп жүріп.
5 жыл бұрын барлық трансформаторларды есепке алып, коммуналдық меншікке өткізу жөнінде республикалық шара басталған еді. Алайда, бір ғана Жалғамыста жекеменшіктегі 12 осындай қондырғы бар. Оның біразы талапқа сай емес екен. Ал жергілікті атқамінерлер қазынаның қаржысынан бұл жерге орталық желінің енді ғана толық тартылатындығын айтады. 1 қаңтардан бастап электр қуатының бағасы 8 пайызға қымбаттағанына байланысты трансформатор иесі де тарифті көтеруге мәжбүр болған.
Loading...