Алматы облысында екі адам суға батып кетті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Іле ауданындағы Іле өзеніне 26 мамырда сағат 14.00-те 25 жастағы жігіт суда жүзіп жүріп батып кетті. Оның мәйітін ҚР ТЖМ "РОСО" МБ сүңгуірлері алып шықты.

Сондай-ақ, Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында 26 мамырда 17 сағат 10 минутта 17 жасар бозбала суға батып кетті. Оның мәйітін ҚР ТЖМ "РОСО" МБ сүңгуірлері судан алып шықты.