Алматы облысында екі адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Облыстық полицияның берген мәліметі бойынша, 4 қазан күні Сарқан АІІБ кезекші бөліміне жергілікті жедел жәрдем бөлімінен қоңырау түсіп, шақыру бойынша барған дәрігерлер жеке меншік үйлердің бірінде зорлықпен өлтірілген екі адамның мүрдесін тауып алады. 

Ол 61 жасар үй иесі мен оның үйінде бөлме жалдап тұрған 34 жасар әйелдің денесі екені анықталды.  

Күдікті қашып кету мақсатында, Сарқаннан жолға шыққан кезде ұсталады.


"Екі адамның өліміне қатысты болған қылмыстық іс облыстық полиция департаментінде тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасалған құрал табылып, қылмыстық істің материалдарына тіркелді", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.