Алматы облысында екі бала көмірқышқыл газынан уланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үш жасар бала мен оның бір жарым жасар інісі Нүсіпбеков атындағы көшедегі көп қабатты үйде болған өрттен көмірқышқыл газынан уланды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

2 шаршы метр аумақты шарпыған өртті төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 10 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті