Балпық би ауылында жергілікті екі тұрғын травматикалық пистолет пен аң аулайтын қарудан бір топ адамға оқ атқан, олардың біреуі жарақаттанып, ауруханаға түсті.
Полицейлер қылмыстың орын алуына ауылдағы кафелердің бірінде жас балалардың арасында болған келіспеушілік себеп болғанын анықтады. Біраздан кейін дүкенде қару атылған. Оның салдарынан қатысушылардың бірі жарақаттанып, ауруханаға түсті.
Жедел шаралардың барысында күдіктілер анықталып, олардың біреуі ұсталып, қамауға алынды. Оның сыбайласы Көксу аудандық ішкі істер бөлімі мен облыстық ІІД полицейлерінің күшімен іздестіріліп жатыр.