Алматы облысында екі малшы найзағай түсіп мерт болды

Атап айтсақ, 5-тамызда Ақсу ауданында нөсер кезінде Ойтойған ауылының маңында 21 жастағы бақташы жігіт нажағай отынан мерт болды.

Сол күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ жайылымында 63 жастағы тағы бір малшы жай соғып қаза тапты.