Алматы облысында екі шаруа қожалығы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Садық», «Зарина» шаруа қожалықтары және «Ресей Жинақ банкі» АҚ-ның арасында пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру келісім-шарттарына қол қойылуда. Мемлекеттік қолдау бағдарламасының талаптары бойынша, несие мөлшерлемесінің 7 пайызын кәсіпкер үшін мемлекет төлейді.

Екі жоба үшін жалпы сомасы 55 млн. теңгеге ірі қара малды сатып алу үшін несиелер бөлінді. Шаруалардың екеуінде де жеке жемшөп қоры мен техника паркі бар.

«Жобаның мақсаты - сүтөнімдерін өндіру бағытын дамыту. Барлық өнімді Алматы сүт зауыттары пайдаланады. Бұл менің шаруашылығым үшін кепілдендірілген өтім мен тұрақты тиімділік», - дейді «Зарина» ШҚ-ның басшысы Марат Шөженев.

«Даму» КДҚ-ның Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Ринат Талтүсовтың айтуынша, мемлекеттің мақсаты өнеркәсіп пен өңдеу өндірісін қалаларда ғана емес, аймақтарда да дамыту. «Жетісуда 10-нан астам шаруа және фермерлік шаруашылықтар «Бизнестің жол картасы-2020» қатысушылары болды және экономиканың басымдық салаларына сәйкес келетіндер ретінде пайыздық мөлшерлемелердің субсидияларын алуға қол жеткізуде. Бұдан басқа, кейбір басшылар «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыттың аясында қаржылық емес бағдарламалар бойынша оқытуға қатысуда.

Кербұлақ ауданы үшін - бұл алғашқы жобалар. «Алдағы уақытта ауданның белсенділігі одан да жоғары болатынына сенімдімін», - деді Р.Талтүсов.

Жалпы алғанда, Алматы облысында «Бизнестің жол картасы» бойынша жаңа бизнес-бастамалар үшін 87 жобаға арналған 26 млрд. астам несиелік қоржын қолдауға ие болуда.