Алматы облысында екі жол апатынан алты адам мерт болып, бес адам жараланды

Талдықорғанда, Алматы-Өскемен тас жолының 260-шақырымында "Мазда -626" автокөлігі мен "Газель" көлігі соғысып қалды. Апат салдарынан "Мазда" жүргізушісі мен оның бір жолаушысы , сондай-ақ, "Газельдің" бір жолаушысы жарақаттан оқиға орнында жан тәслім етті. "Газельдің" жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға түсті.

Ал Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 65-шақырымында "Ауди-100" автокөлігі "КамАЗбен" соғысты. Апат салдарынан "Ауди" автокөлігінде отырған үш жолаушы, соның ішінде жаңа туған нәресте оқиға орнында опат болды. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға түсті.